Ресей Қазақстан және Өзбекстан азаматтарын елден шығарды

10.11.20250 просмотров
Ресей Қазақстан және Өзбекстан азаматтарын елден шығарды

Бір апта ішінде Иркутск қаласынан Қазақстан мен Өзбекстанның 27 азаматы мәжбүрлі түрде шығарылды.

Олардың барлығы Иркутскіде жұмыс істеп жүрген, алайда федералдық сот приставтары қызметінің мәліметінше, Ресей аумағына кіру және онда болу ережелерін бұзған. Мигранттар РФ ӘҚБтК-нің 18.8-бабы бойынша — "Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Ресейге кіру немесе онда болу тәртібін бұзуы" — кінәлі деп танылған.

- Бұған дейін елден шығару тек сот шешімімен жүзеге асатын. Енді – полицияның әкімшілік қаулысы бойынша да шығарылады. Бұл миграциялық бақылауды тиімдірек етеді, — деп мәлімдеді ведомство.

Жыл басынан бері Иркутск облысынан 453 шетел азаматы шығарылған, олардың басым бөлігі — ТМД елдерінен. Көпшілігінің жұмысқа рұқсат патенті болмағаны, миграциялық тіркеуді уақытында жаңартпағаны немесе мүлде жалған құжатпен елге кіргені анықталған.

Ресей
Қазақстан
Өзбекстан