Қазақстанда пәтер жалдау құны қалай өзгерді

Сарапшылардың мәліметінше, соңғы екі айда Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасы орта есеппен 4%-ға арзандаған.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Krisha.kz сайтының жазуынша, қарашаның басында бір шаршы метрдің орташа жалдау бағасы 3528 теңгені құрады. Ең жоғары баға Алматыда — 6154 теңге, ал ең төменгісі Түркістанда — 2128 теңге.
ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША
Екі ай ішінде ең елеулі төмендеу Қарағанды, Ақтау және Қызылордада тіркелді — минус 9%. Астана мен Алматыда жалдау құны 3%-ға, Шымкентте 1%-ға төмендеген. Жалғыз өсім байқалған қала — Өскемен, мұнда көрсетілген кезеңде жалдау бағасы 4%-ға қымбаттаған.
БАҒАЛАР
Алматыда тұрғын үйді жалға алу ең қымбат саналатын аудандар — Бостандық, Алмалы және Медеу: бір бөлмелі пәтерлер 260 мың теңгеден, үш бөлмелілер 650 мың теңгеге дейін. Ең қолжетімді жалдау — Жетісу және Түрксіб аудандарында, 180 мың теңгеден басталады. Астанада ең қымбат жалдау Есіл ауданында: бір бөлмелі пәтерлер 240 мыңнан, үш бөлмелілер 550 мың теңгеге дейін. Ең арзан жалдау — Сарыарқа ауданында, 190 мың теңгеден.